Ауыл-аймақтарда травматолог жетіспейді. Елімізде 1400-ден астам ортопедиялық травматолог болса, соның тек 128-і шалғай ауылдарда жұмыс істейді. Бұл туралы Нұрлан Бәтпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы диекторының орынбасары Арман Бәрпен айтты. Мәселенің шешу үшін және медициналық көмекті жақсарту үшін орталықта біраз кадр дайындалып жатыр, - деді.
Бұдан бөлек титан импланттарды өндіру бойынша да мәселе бары айтылды. Мысалы Қазақстан жыл сайын 15 миллион долларға буын шеміршегінің имплантын импорттайды. Медициналық құралдың әрқайсы 1,5 мың долларға сырттан сатып алады. Дәрігердің айтуынша имплантқа сұраныс жылына 10 мыңға дейін жетеді. Науқастардың қажеттілігін орындау мақсатында сондай-ақ медицинаның әлеуетін көтеру үшін Өскемендегі Дәулет Серікбаев атындағы техникалық университетімен бірге жұмыс істеп бастадық, - дейді.
Арман Бәтпен, Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы диекторының орынбасары:
Қорытпадан медициналық құралдар жасаймыз. Пластина, штиф сияқты шағын бұйымдар жасаймыз. Ал протез өте күрделі нәрсе. Алматы қаласында бір бизнесмен бар. Сол кісі Хорватиядан технология әкеліп, соны өзімізге енгізбекші. Әзірге бізде титаннан имплант жасайтын технология жоқ.
Асылбек Данияр