Ақтөбеде су тасқыны кезінде белсенді болған азаматтар марапатталды
Ақтөбеде көктемгі су тасқыны кезінде халықты құтқаруға көмектесіп, азаматтық борышын адал атқарған азаматтар марапатталды. Бес адамға ел Президентінің атынан мемлекеттік наградалар табысталды. Үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы», «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдарын алғандардың қатарында кәсіпкер, құтқарушы, еріктілер тобының мүшесі мен қарапайым күзетші де бар. Сондай-ақ, тағы 15 адам облыс әкімінің алғыс хатына ие болды. «Ерен еңбегі үшін» медалін алған кәсіпкер Шалқар қаласын судан құтқару үшін жеке техникаларымен күні-түні жұмыс істеген.
Бегімбет Рақыманов, кәсіпкер:
Өз інілерімді ертіп шығып, 4-5 күндей ұйықтамай жұмыс жасадық. Ол жерде судың көп мөлшерде келгеніне байланысты, дамба бұзылып кетсе, Шалқар ауданы суға кететін болды.Сосын жұмыла қимылдадық. Қиындығымыз – сол.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Хорватияда Загреб бозкілеміне тартыс өтіп жатыр
16.09.2025, 10:31

«Онлайн медицина» пилоттық жобасы іске қосылды
16.09.2025, 10:24
Әкімдерге ескерту жасалды
16.09.2025, 10:20
Дохада төтенше Араб-Ислам саммиті өтті
16.09.2025, 10:18
Футбол командаларын жекешелендіру жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
16.09.2025, 10:15
Бокстан тарихи жеңіс сыйлаған қыздарымыз елге оралды
16.09.2025, 10:14
Астаналықтар Айбек Оралбай мен Санжар Тәшкенбайды күтіп алды
16.09.2025, 10:09
Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезі хатшылығының отырысы басталды
16.09.2025, 10:05