Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға жаңадан салынған үйлер беріле бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға жаңадан салынған үйлер беріле бастады

09.06.2024

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға пәтер ғана емес, жаңадан салынған үйлер беріле бастады. Осы аптада мысалы, Петропавл қаласынан репортаж жасалды.

Су тасқыны кезінде қалада 2 мыңнан астам үй су астында қалып, оның 60 пайызға жуығы жөндеуге жарамсыз деп танылған еді. Бүгінгі күні 204 отбасына пәтер, 53-отбасыға жаңадан салынған жер үйлер табысталды.

Жаңа үйге кіргендер бұған дейін «Солнечный 2» аталып келген шағын ауданның тұрғындары. Шағын аудан енді «Бірлік» деген аталады.

Бірлік Баекин, Петропавл қаласының тұрғыны:

Өте керемет. Шын жүректен көп рахметімді айтамын. Не болады, қалай болады деп ойлап жүр едік, енді бүгін ол ойлар қал ы.

 Жұлдыз Баекина, көпбалалы ана:

Толқып та тұрмыз. Қуаныштың да жасы бар. Мынадай үй болады, біз аламыз деп ойламаған едік. Әкімшіліктің, басшылардың, халықтың көмегімен мынадай 3 бөлмелі пәтерге қолымыз жеткеніне қуаныштымыз. Балаларға да міне, жеке бөлме, әрқайсысымызға.Тамаша!

Ал Оралда саяжайы жалғыз баспанасы деп танылған отбасыларға пәтер кілті беріле бастағанына елең еттік. Шәкіровтер отбасы саяжайдағы қираған 70 шаршы метр үйінің орнына ауданы сондай жаңа пәтер алды. Отбасында бес бала ба .

Ләйла Шәкірова, Орал қаласының тұрғыны:

13 жылдай дачада тұрдық. 21 сәуірде су келіп, үйіміз құлап қалды. Содан эвакопунктте тұрып жатырмыз. Тез уақытта үй аламыз деп ойлаған жоқпыз. Балалардың несібесіне осы үй бұйырып жатыр. Қуаныштымыз, бәріне рахмет. Ризамыз.

Әзірге 3 мың отбасының саяжайдағы үйі жалғыз баспанасы деп танылған. Орал қаласы әкімінің орынбасары былай де ді:

Азамат Халелов, Орал қаласы әкімінің орынбасары:

100-ден аса азаматы - жатақханасы бар адамдар. Саяжайда 120 квадраттық үйінде тұрып жатса, өз меншігінде 20 квадраттық жатақханасы бар азаматтар бар. Одан бөлек 300-ге жуық азаматтың ауылдық елді мекендерде тіркелген үйлері бар кезінде. Ол үйлер жарамсыз деп танылған. Немесе мүлдем жоқ, бірақ тіркеуде қалып қойған адамдар бар. Оларға үй берілетін болады немесе жөнделеді. Ол техникалық қорытындыға сәйкес.


Хабарламаларға жазылу