Абай облысында мыс балқыту зауыты салынады
Елімізде тағы бір мыс балқыту зауыты салынады. Үкімет басшысы Олжас Бектенов бүгін қытайлық компания өкілдерімен кездесіп, қуаты жылына 300 мың тонна болатын ірі өндірісті іске қосу туралы келісімге қол қойды. Зауыт Абай облысында салынбақ. Қажетті шикізат Бозшакөл, Ақтоғай және «Шығыстүстімет» тау-кен кешендерінен жеткізіледі. Әлемдік стандартқа сай жаңа технологиямен жабдықталатын кәсіпорын еліміздегі ең ірі өндіріс орнына айналмақ. Жаңа зауытта тазартылған алтын, күміс және күкірт қышқылын шығаруды да көзделген. Жоба құны - 1,5 млрд АҚШ доллары. Шамамен мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Ал зауыт 2028 жылы іске қосылады.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ата-анаға қатігездік: Агрессия қайдан шығып жатыр?
14.09.2025, 20:44

Қымбатшылықты қалай тежейміз?
14.09.2025, 20:41
Ішкі нарықта отандық өнім неге аз?
14.09.2025, 20:39
Бір палаталы Парламент: Референдум не үшін керек?
14.09.2025, 20:37
Цифрлық мемлекет деген не?
14.09.2025, 20:24
Қазақстанда екі жол апатынан 15 адам қаза тапты
14.09.2025, 20:21
Ливерпульде бокстан Әлем чемпионатының финалы өтіп жатыр
14.09.2025, 20:19
ӘЧ: 2 боксшымыз финалда
13.09.2025, 17:41