Анкарада Ақтаудың мәдени күндері өтті
Түркияның бас қаласы Анкарада биыл түркі әлемінің мәдени астанасы болып танылған Ақтау қаласының күндері өтті. Түркі әлемімен өзара байланысты нығайтуға бағытталған іс-шарада Маңғыстау облысының басшылығы ТҮРКСОЙ ұйымына ұлттық нақышта безендірілген киіз үй тарту етті. Киіз үйдің ішкі жасау-жабдығын сексеннің сеңгіріне шыққан қолөнер шебері өз қолымен тоқыған. Анкараға арнайы келген әжей киіз үйдің әр бөлшегімен таныстырып, бұл сыйдың бауырлас елдер арасындағы достық пен ынтымақтың нышаны екенін атап өтті. Шараға Түркиядағы қазақ зиялылары, түркі мемлекеттерінің елшілері, сондай-ақ Ақтаудан арнайы келген делегация қатысты. Кеш барысында маңғаз өлкенің өнерпаздары әсем ән мен күмбірлеген күйден шашу шашты.
Әбілқайыр Байпақов,
Ақтау қаласының әкімі:
Жалпы қазақтың киіз үйі ЮНЕСКО-ның материалдық емес құндылықтар қатарына енгізілген. Бұл жалпы шаңырақтың бүкіл уықтарын тиеп, керегеге тіреп, уықтарын тігіп, шаңырағын көтеру бұл деген үлкен мәні бар нәрсе. Өйткені бұл жерде ынтымақ-бірлік, мейірім, отбасы жылуы деген нәрселер жатыр. Сондықтан осындай ниетпен ТҮРКСОЙ ұйымына сыйға тартылған дүние.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
