ХАМАС тағы 4 израильдіктің денесін қайтарды
ХАМАС пен Израиль арасында бейбіт жоспардың бірінші кезеңін орындауда қиындықтар туындады. Қарулы топ қайтыс болған израильдіктердің денелерін тапсыруды аяқтаған жоқ. Бітімге сай, ХАМАС 28 адамның денесін тапсыруға тиіс. Әзірге Израиль 8-ін алған. Кепілдегілер Газа секторының түрлі ауданында ұсталғандықтан, олардың мүрделерін табу ауыр соғып тұр. Израиль Газаға гуманитарлық көмек кіргізуді екі есе азайтатынын ескертті. Трамп болса бейбіт жоспардың екінші кезеңін бастау қажет деп мәлімдеді. Газадағы соғысты тоқтату туралы Мысырда жасалған келісімнің егжей-тегжей жоспары әзірге белгісіз. Бірінші кезең – тұтқын алмасу. Израиль әскері Газадан шыға бастады. Ал келесі саты - Хамасты қарусыздандыру. Мұнда өзара келіспеушіліктер туындауы мүмкін. Трамп болса, қарулы топты күштеп көндіруге дейін баратынын мәлімдеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
