Бүгін мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні

21.05.2024

Мәдениет қайраткерлерінің күні елімізде 2013 жылдан бері аталып келеді. Қазір ел ішінде 8 мыңға жуық мәдени ошақ бар. Онда 64 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша олардың жалақысы былтыр 45% өскен.

Жастар театрының актрисасы Айнұр Рахипованың сөзінше, соңғы кезде шығармашылыққа бет бұрған жас көп. Көрерменнің жүрегінен, үкімет назарынан тыс қалып жатқан жоқпыз дейді.

Айнұр Рахипова, Астана қаласының «Жастар» театры актрисасы: 
Баспана жағынан театрымызда 70 пайыз программасы бар, жалдамалы пәтері бар, баспанамен қамтамасыз етілген. Жатақханалары бар. Қуантатын жағдай, қазір театрға бару трендке айналды. Көбінесе қазір қуантатын жағдай жастар. Сондықтан да театр үлкен сұранысқа ие.

Белгілі композитор Төлеген Мұхамеджанов өскелең ұрпақтың өнерге қызығып, қатары артқаны-жетістік дейді. Айтуынша, бүгінде кино әлемі өркендеп, өз көрермендерін табуда.

Төлеген Мұхамеджанов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, композитор: 
Бүгінгі біздің өнер саласындағы жетістіктерге мақтан көзқараспен қараймын, қуанамын. Әсіресе жастарымыз бірінен бірі өткен талантты. Күнде бір әлеуметтік саланы алатын болсақ, бір жеңістен бір жеңіске жетіп жатырмыз.

Мерекеге орай Мәдениет және ақпарат министрлігі биыл 1500-ден астам сала мамандарын марапаттады.

Күміс Сейітова, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі комитет төрағасы:
Соңғы 2 жылда мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы көтерілді. Одан бөлек жыл сайын мәдниет саласының қызметкерлеріне жетістіктері үшін жыл сайын 75 адамға мемлекеттік стипендия беріліп отырады. 2 жылда бір рет Абай атындағы өнер және мәдениет саласының премиясы бар.

Былтыр «Халық әртісі» құрметті атағы қайта тағайындалып, сегіз көрнекті мәдениет қайраткеріне берілді. Еліміздегі бір академиялық театр мен музей-қорығына «Ұлттық» мәртебе берілді.



Хабарламаларға жазылу