Ақтөбеде су келген аумақтар зарарсыздандырылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде су келген аумақтар зарарсыздандырылып жатыр

23.04.2024

Қорғаныс министрлігіне қарасты «Оңтүстік» аймақтық қолбасшылығының радияциялық, химиялық және биологиялық бөлімшелерінің қызметкелері Ақтөбе қаласында зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Өңірге 50 әскери мен 16 техника келген. Шаһар басшылығы химиялық өңдеу жүргізілетін аумақтарды алдын ала белгілеп қойған. Арнайы техникалар мен әскерилер бүгін «Гауһар» саяжай ұжымына келді. Тасқын кезінде бұл аумақ та су астында қалған еді. Тіпті, бейіттердің шетін де су шайған.

Назима Сербаева, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

Эпидемиологиялық маңызы бар объекттер, оның ішінде зираттар мен жеке үйлердің ішіндегі септиктер, санитариялық-ауалық қондырғыларға жасауымыз керек. Себебі, кәріз жүйелерінен шыққан сулары сыртқа шығып, ластады.

Тасқын кезінде су басқан 107 саяжай ұжымына зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Мамандар аулаларға кірмейді, тек жолдар мен ашық алаңдарға ғана химиялық сұйықтықты шашып өтеді. Қолданылып жатқан препараттың адамдар мен жануарларға еш зияны жоқ. Бұл жұмыстар толығымен он күн ішінде аяқталуы тиіс.

Дархан Тілеуов, Алматы ауданы әкімінің орынбасары:

Шамамен 5 мың 38 гектар белгіленген. Бүгін екінші күн жұмыс басталды. Кеше Алматы ауданында екі шағынаудан – Мағаджан, Садовоеде және алты бау-бақша ұжымында дезинфекция жасалған болатын.

 Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу