Ірі кәсіпорындар тасқыннан зардап шеккен халыққа 1,7 млрд теңге аударды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ірі кәсіпорындар тасқыннан зардап шеккен халыққа 1,7 млрд теңге аударды

06.04.2024

1 млрд 700 мың теңге. Су тасқынынан зардап шеккендерге еліміздің ірі компаниялары осынша қаражат аударды. Мәселен, «Қазақмыс» корпорациясы «KAZ Minerals» тобымен бірлесіп, 800 млн теңге бөлген. Ал, Қостанайдың «Allur» және «Саранское – QazTehna» кәсіпорындары Теміртаудың «Qarmet» компаниясымен бірігіп, 500 млн теңге аударған. Қаражатты «Демеу Қазақстан» қорына жіберген. Ал, табиғи ресурстарды өндіру және өңдеумен айналысатын «Eurasian Resources Group» компаниясы 400 млн теңге бөлген.

Аталған кәсіпорын қаржылай көмектен бөлек, Ақтөбе облысына 300 тонна қиыршық тас жеткізген. Сонымен қатар, арнайы техникалар мен білікті мамандарын да жіберіп жатқанын хабарлады. Ал, "Қазақстан халқына" қорының баспасөз қызметінің мәліметінше, қорға 850 миллион теңге түскен. 30 сәуірге дейін қор бұл қаржатты зардап шеккендерге баспана салу үшін жібереді.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу