Талдықорғанда су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинайтын екі орын белгіленді. Қазір қала белсенділері, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйым өкілдері қажетті заттарды "Аманат" партиясының облыстық филиал ғимараты мен Жастарға қызмет көрсету орталығына әкеле бастады. Жетісу облысының өзге де аудан қалалары көмек қолын созып, игі шараға үлес қоспақ. Қазір негізінен азық-түлік, гигиеналық заттар мен мектеп жабдықтары жиналып жатыр.
Еркебұлан Ақболатов, «Жетісу жастары» КМК директоры:
Қай өңірлерде әлі бұл мәселе ушығып тұр соны анықтайтын боламыз. Сол анықталғаннан кейін осында жиналған көмектің бәрі сол жаққа жөнелтіледі. Жәнеде қосымша Жетісу өңірінен 20-ға жуық ерікті бірге барып, гуманитарлық көмекі тапсырып, сол жердегі ағайынға қол ұшын созып көмек көрсететін болады.