Басты Жаңалықтар Қытайда жаңа жыл мерекесі тойланып жатыр

Қытайда жаңа жыл мерекесі тойланып жатыр

Қытай халқы Ай күнтізбесі бойынша бүгін жаңа жыл мерекесін қарсы алды. Жергілікті тұрғындар бұл мейрамды Чуньцзе деп атайды. Осыған байланысты елдің түкпір-түкпірінде түрлі мерекелік шаралар, көрмелер, жәрмеңкелер өтіп жатыр. Қытайлықтар көктем мерекесін әдетте өз отбасыларымен, туған-туыстарымен бірге тойлайды. Сол себепті ел ішінде саяхаттаушылар саны күрт артқан. Жаңа жылды тойлау мұнда екі аптаға жалғасады. Мереке 24-ші ақпанда Шамдар фестивалімен аяқталады.

Асылбек Данияр


Бөлісу