Астанадағы «Окадзаки» мейрамханаларының бірінде 37 адам астан уланған
Тағы да астан улану. Жұрт жаппай уланып қалған қоғамдық тамақтану орны жабыла ма? Астанадағы «Окадзаки» мейрамханаларының бірінде дайындалған тамақтан 37 адам уланған. Бұл ақпаратты санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитеті растады. Қазір «Окадзаки» қоғамдық тамақтану орнының біріне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Есіл ауданының полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. Дегенмен мейрамханаға қатысты қандай шара қолданылатынын тексеру нәтижесіне байланысты сот шешеді, - деп жазды комитет.
Былтыр да осы мейрамханалар желісінің бірінде 100-ге жуық адам уланған. Кейін қылмыстық іс қозғалып, соттың шешімімен 1 миллион 100 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Желіге тиесілі бір нысан қызметін тоқтатқан.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Т.Қалиев: Сайлау азаматтық қоғамды дамытады
13.10.2025, 20:24

Семейде сайлаушылардың дауысы есептеліп жатыр
13.10.2025, 20:20
Әлем жаңалықтарына шолу
13.10.2025, 20:17
Израильдік тұтқындар босатыла бастады
13.10.2025, 20:14
Гидротехникалық нысанның құрылысы желтоқсанда аяқталады
13.10.2025, 20:13
Қ.Тоқаев АҚШ президентінің дипломатиялық табысын жоғары бағалады
13.10.2025, 20:10
«Достық – Мойынты»: Екінші желіден 13 млн тоннаға жуық жүк тасымалданды
13.10.2025, 20:07
ІІМ: Қылмыстың үштен бірі мас күйде жасалады
13.10.2025, 20:07