Түркістан облысында білім саласының 600-ге тарта қызметкері тәртіптік жазаға тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында білім саласының 600-ге тарта қызметкері тәртіптік жазаға тартылды

25.12.2023

Түркістан облысындағы 235 мектептің 42-сінде сан-эпид қорытынды алынбаған. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өңірге арнайы барып, педагогтармен кездесті. Саладағы кемшіліктерді тізіп, білім сапасын көтеру мәселесін талқылады. Мамандардың мәліметінше, аймақтағы 49 білім ұясының бейнебақылау камералары жұмыс істемейді. 51 мектепте өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмаған. Кейбір мектептердің спорт залдары мен асханалары апаттық жағдайға жеткен. Екі мыңға жуық педагог дер кезінде біліктілігін арттырмаған. Бірқатар білім ошағында бала саны 24-ке жетпесе де бөліп оқытып, сағат саны жасанды түрде көбейтіліп келген. Осы кемшіліктерге жол берген білім саласының 600-ге тарта қызметкері тәртіптік жазаға тартылды.

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:

Кешегі білім сапасының рейтингісін алатын болсақ, Түркістан өңірі ең соңғылардың қатарында тұр. Сондықтан осы төменгі жерден жоғары көтеру бағытында Оқу-ағарту министрлігі өз тарапынан тиісті сол үш айдың ішінде әдістемелік көмекті көрсетуге біз дайындығымызды айтып кетіп отырмыз.

Айнұр Әбілқасым


Хабарламаларға жазылу