Астанада бес сағатта 79 жол-көлік оқиғасы тіркелді
Елордадағы көктайғақтың кесірінен 5 сағаттың ішінде 79 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы Астана қаласының полиция департаменті хабарлады.
Қаладағы травматологиялық пунктер мен коммуналдық қызмет күшейтілген режимге көшті. Түннен бері жол, аялдама сияқты халық көп жүретін жерлерге тұз, құм себіліп жатыр. Балалар мен зейнет жасындағы азаматтарға аса қажеттілік болмаса, үйден шықпауға кеңес берілді. Тәртіп сақшылары көлік тізгіндегендер мен қатар, көшедегі жаяу жүргіншілерге де сақ болуды ескертті.
Гүлмира Шырақметова, Астана қаласы ПД баспасөз бөлімінің бастығы:
Ауа райы мен жауын-шашынға байланысты жүргізушілерден аса сақ болуды, белгіленген жылдамдықты қатаң сақтауды, күрт тежемеуді, қашықтықты сақтауды сұраймыз. Ерекше сақтық шараларын жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де сақтауы қажет. Өз қауіпсіздігіңіз үшін көшелерді арнайы белгіленген жерлермен кесіп өту керек.
Тәуірбек Бозекен
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Заңсыз ақша шығару ісімен айналысқандар жауапқа тартылады
15.09.2025, 20:48

Биыл 140 мың оқушы «Келешек мектептерінде» білім алып жатыр
15.09.2025, 20:03
Жамбыл облысында оқушы қатарластарының қолынан қаза болды
15.09.2025, 19:55
Елордада Жолдаудың негізгі тұстары сараланды
15.09.2025, 19:52
Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жоспар қабылданды
15.09.2025, 19:50
Алдағы 3 жылда мың мектепте тіс емдеу кабинеті ашылады
15.09.2025, 19:46
Бүгіннен бастап 25 мың жұмыскердің жұмыс кестесі өзгерді
15.09.2025, 19:45
Елімізде коммуналдық желілер жаңғыртылмақ
15.09.2025, 19:42