Алматы облысында автобустағы жолаушыларды құтқарып қалған оқушы «Ел қорғаны» медалімен марапатталды.
Қорғаныс министрінің атынан награданы Қарулы Күштердің Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмақеев тапсырды. Ақжол Герой – «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер қозғалысының жас қатысушысы. Іс-шараға десантшылардың қолбасшылары, жеке құрам мен Ақжолдың ата-анасы қатысты.
Нұрлан Әбенов, Ақжол геройдың әкесі:
Баламның осындай ерлік жасап жатқанына қуанамын. Мақтанамын. Халықтың баласы бол. Әрқашан биіктерден көріне бер. Жасың ұзақ болсын. Қорғаныс министрлігі құттықтап жатыр екен. Рақмет, алғысым шексіз.
Айта кетейін, 14 жастағы Ақжол жүргізушісінің жүрек талмасы ұстап, есінен танып қалған автобусты, тоқтатып үлгерген. Жолдың шетіне шығып кеткен қоғамдық көлікті дер кезінде тоқтатпағанда, тұрғын үйге соғылып оқиғаның салдары әлдеқайда ауыр болар еді. Қоғамдық көлік жүргізушісі қазір ауруханада жатыр. Ал батыр атанған жігіт, отбасында жеті баланың үлкені. Анасының айтуынша, әкесіне көмектесіп жүріп, техника тілін үйренген.
Қуан Нұрақын