Қаңтар оқиғасына қатысты сот үкімі шықты
Тараз қаласының нөмірі екінші соты қаңтар оқиғасына қатысты бір азаматтың ісін қарады. Оған жаппай тәртіпсіздікке қатысып, елді бүлікке шақырды және қару ұрлады деген айыптар тағылды.
Сондай-ақ, ол адамдармен өзара сөз байласып, полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына заңсыз кірмек болған. Айыпты азамат мемлекетке 500 мың теңгеден астам шығын келтірген. Осы жасаған кінәлары куәлердің айғақтарымен, бейнежазбалармен және де басқа заттармен дәлелденді. Судья айыпталушының кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты жазаны мейілінше жеңілдетіп, оған 4 жыл бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады. Дегенмен үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада қазақ мәдениетінің жауһарлары көпшілікке ұсынылды
16.09.2025, 17:45

Оралда «Таза Қазақстан» акциясы аясында көліктер тексерілді
16.09.2025, 17:42
Сырдария өзені жыл сайын суалып барады
16.09.2025, 17:40
Агробизнесті қолдау жоспары әзірленеді
16.09.2025, 17:34
Қолданбалы ғылымға қолдау қажет
16.09.2025, 17:31
Қызылорда сақшылары қоғамдық тәртіпті дронмен қадағалайтын болды
16.09.2025, 17:26
Дропперлерге жаза күшейеді
16.09.2025, 17:23
«Қарызсыз қоғам» жобасының игілігін 40 мың адам көрді
16.09.2025, 17:20