Ақмола облысында сібір жарасы анықталған 9 адам ауруханада жатыр
Ақмола облысында 12 адам сібір жарасын жұқтырды. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың жағдайы орташа. Денелеріндегі жара әлі кете қоймаған. Емдеу орнына жеткізілген тоғыз адам Жарқайың ауданы Үшқарас елді мекеніндегі шаруашылықта жұмыс істеген. Өзгесі ауыл тұрғындары. Жақында осы қожалықта 32 сиырдан індет анықталған. Елді мекенде карантин жарияланды.
Нұрлан Ақылбеков, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Осыған дейін бір адам ауыр жағдайда болған. Қазір беті бері қарады. Ал сібір жарасын жұқтырғандармен байланыста болған 22 адам дәрігерлердің жіті бақылауында.
Осыдан оншақты күн бұрын Ресейде де сібір жарасы тіркелді. Воронеж облысының солтүстігінде ауру ошағы анықталып, төтенше жағдай режимі енгізілген болатын. Чувашия, Тува және Мәскеу облысында да қауіпті инфекция анықталды.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨлім жазасы қылмыстың азаюына әсер ете ме?
19.10.2025, 20:01
Ішімдікті арнайы дүкенде ғана сату маскүнемдікті азайта ала ма?
19.10.2025, 20:00
Қызылорда қаласының астана болғанына - 100 жыл
19.10.2025, 20:00
АҚШ-та миллиондаған адам жаппай наразылыққа шықты
19.10.2025, 19:58
Парламенттік реформа: Не өзгереді?
19.10.2025, 19:55
Ипотека: Қандай өзгеріс болады?
19.10.2025, 19:53
Экономикаға түзету енгізіледі: Үкімет қандай шаралар қабылдауды ұсынды?
19.10.2025, 19:49
Астанада «Қазақстан Барысы – 2025» республикалық турнирі өтіп жатыр
18.10.2025, 17:16