Елімізде ақылы жолдардың тарифі өседі
Елімізде ақылы жолдардың тарифі өседі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі дайындаған құжатқа сай, жол ақысы 20 пайызға дейін қымбаттауы мүмкін. Автобустарда баға орын санына, ал жүк көліктерінде - жүктің салмағына қарай есептеледі. Жалпы алғанда 11 ақылы жолдың тарифі қымбаттамақ. «Астана – Щучинск», «Астана – Теміртау», «Тараз – Қайнар» және «Қонаев – Талдықорған» тас жолдарында жеңіл көліктер үшін 200-300 тг аралығында болмақ. «Алматы – Қорғас» бағытындағы жолға 359, «Астана – Павлодар» бағытына 456 және «Шымкент – Қызылорда» тас жолына 527 теңге деп бекітпек. Ал «Щучинск – Көкшетау», «Алматы – Қонаев», «Шымкент – Тараз» және Шымкенттен Өзбекстан шекарасына қатынайтын жол ақысы арзандау, 72 теңгеден 120 теңгеге дейін.
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
