Түркістан облысында 58 адам астан уланып қалды
Түркістан облысында 58 адам астан уланып, ауруханаға түсті, оның 27-сі – бала. Олар Кентаудағы қоғамдық тамақтану орнынан тез дайындалатын тағамдарды жеген. Бұл туралы облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы мәлімдеді.
Қазір олар дәрігерлердің бақылауында. Мамандар науқастардың саны тағы да артуы мүмкін екенін айтады. Себебі дәл осы дәмханадан өткен жылы қазанда 167 адам, тамыз айында сегіз адам уланған. Сол кезде тамақтану орны жабылып, басшылығына қатысты іс қозғалған. Ал полиция басқармасы мен СЭС мамандары дәмхананы жоспардан тыс тексергенде нысанның санитарлық құжаты да, аспаздарының медициналық кітапшасы да болмай шыққан.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада «Қазақстан Барысы – 2025» республикалық турнирі өтіп жатыр
18.10.2025, 17:16

Талдықорғанда Олимпиада чемпиондары жастармен кездесті
18.10.2025, 17:08
Мәскеуде «Парасат майданы» спектаклі сахналанды
18.10.2025, 17:06
25 Қазан - Республика күні
18.10.2025, 17:04
Ертең – Орманшылар күні
18.10.2025, 17:01
Абай облысында үш жылда улы газдан қорғайтын 15 мың құрылғы тегін орнатылған
18.10.2025, 16:58
«Самұрық-Қазына» қоры бір миллион ағаш отырғызу бастамасын жалғастыруда
18.10.2025, 16:53
Каспий теңізінің тағдырына алаңдаған белсенділер дабыл қақты
18.10.2025, 16:50