Жамбыл облысында төрт адам сібір жарасын жұқтырған
Жамбыл облысының екі ауданында сібір жарасы анықталды. 4 адам қауіпті індетті жұқтырған.Тамды ауылы 15 күндік карантинге жабылып, блок-бекеттер қойылды. Өңірдегі тілшіміз Данияр Әлімқұл тарқатады.
Данияр Әлімқұл, тілші:
Талас ауданындағы Тамды ауылы енді екі апта бойы ет пен сүт өнімдерін сыртқа тасымалдамайды. Төрт-түлікті де кіргізіп, шығаруға шектеу қойылған. Блок-бекеттерде көліктердің жүк салғышына дейін тексерілуде.
Рауан Асқаров, Тамды ауылының әкімі:
Ауылдағы барлық малдарға екпе жұмыстары жасалып жатыр, қой, ешкі, сиыр. Барлығына санитарлық жұмыстар жасалуда.
Данияр Әлімқұл, тілші:
Кесел жұқтырған үш адам аудандық ауруханада жатыр. Жағдайлары бірқалыпты. Олар күйдіргіні сиыр сойған кезде жұқтырған. Бірақ қасапқа түскен малға аурудың қайдан келгені белгісіз. Ірі қараның етін өртеп жіберген. Науқастармен байланыста болған 35 адам тексеріліп жатыр.
Сондай-ақ Жуалы ауданындағы Көлтоған ауылының 46 жастағы тұрғыны да сібір жарасын жұқтырды. Оның жағдайы жақсы. Мамандар ауданда жаппай тексеру жұмыстарын бастады.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент: «Лукойл» 30 жылда 12 млрд доллар инвестиция салды
14.10.2025, 20:30

Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті
14.10.2025, 20:30
Президент: Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді
14.10.2025, 20:30
«Келешек мектептері»: 7 мыңға жуық педагог біліктілігін арттыруда
14.10.2025, 18:14
Өзен арнасы тазартылды
14.10.2025, 18:09
25 қазан – ұлттық мереке
14.10.2025, 18:04
«Next Urpag» жобасы іске қосылды
14.10.2025, 18:03
Әрбір оныншы компания қызметкерлерін қысқартпақ
14.10.2025, 18:00