Басты Жаңалықтар Президент: «Лукойл» 30 жылда 12 млрд доллар инвестиция салды

Президент: «Лукойл» 30 жылда 12 млрд доллар инвестиция салды

Әлемдегі ірі мұнай-газ компанияларының бірі – «Лукойлдың» құрылғанына 30 жыл толды. Мерейтойға Мемлекет басшысы қатысып, компания ұжымын құттықтады. Президент «Лукойлдың» Қазақстан мен Ресей арасындағы серіктестікті нығайтканын жане  ширек ғасыр ішінде кәсіпорын еліміздің мұнай-газ саласына 12 млрд доллардан астам инвестиция құйып, 94 млн тонна мұнай мен 60 млрд текше метр газ өндірген айтты. Сондай-ақ 300 млн долларға жуық қаражат әлеуметтік жобалар мен қайырымдылыққа бағытталған. Президент компанияның қатысуымен «Теңіз кен орнындағы кеңейту» жобасы табысты аяқталғанын атап өтті. Сонымен қатар, Каспий қайраңында «Лукойл» мен «ҚазМұнайГаз» бірлесіп «Қаламқас теңіз» және «Хазар» жобаларын жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. Бұл жобаларға 6 млрд доллардан астам инвестиция салынып, 2 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады, деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Сонымен қатар қазіргі таңда «Лукойл» Каспий құбыр консорциумын дамытуға атсалысуда. Мұның да еліміз үшін маңызы ерекше. Осы стратегиялық мәні зор бағдар арқылы Қазақстан мұнайы ондаған мемлекетке жеткізіліп жатыр. Сол арқылы еліміздің жаһандық энергетика нарығындағы рөлі нығайып келеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның энергетикалық әлеуетін дамытуға қосқан зор үлесі үшін белгілі кәсіпкер және қоғам қайраткері Вагит Алекперовті І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. Сондай-ақ «Лукойл» компаниясының Қазақстанда жұмыс істейтін бірқатар қызметкері мемлекеттік наградаға ие болды.


Бөлісу