Отандық теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтинте бесінші орынға көтерілді. Бүгінде ол Римде өтіп жатқан турнирде сәтті өнер көрсетіп жатыр. Қазақстандық спортшы карьерасында алғаш рет Италия чемпионатының ширек финалына шығып отыр.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Римдегі турнирдің 1/8 финалында әлемнің 70-ракеткасы чехиялық Маркета ВондРоушованы жеңді. Бас-аяғы 1 сағат 14 минутқа созылған бәсеке барысында Елена 4 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Енді Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек немесе рейтингте 24-сатыдағы хорватиялық Донна Векичпен кездеседі.
Әйгерім Ердәулет