Е.Рыбакина Германияда өтіп жатқан турнирді сәтті бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Е.Рыбакина Германияда өтіп жатқан турнирді сәтті бастады

20.04.2023

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Германияда өтіп жатқан WTA 500 турнирін сәтті бастады. Ол алғашқы кездесуінде дүниежүзілік рейтингте 65-нші орында тұрған Германиялық Юле Нимайермен шеберлік байқасты. Бір жарым сағатқа созылған матчта Елена Рыбакина қарсыласынан екі сетте де басым түсті. Отандасымыз 9 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. Енді Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 14-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен ойнайды. Жалпы бұл турнирдің жүлде қоры 780 мың еуро.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу