Қазақстан теннисшілерінің әлемдік рейтингіндегі орны жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан теннисшілерінің әлемдік рейтингіндегі орны жарияланды

24.04.2023

Қазақстан теннисшілерінің әлемдік рейтингдегі позициясы жарияланды. Әйелдер теннисі қауымдастығы жаңартқан рейтингде еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 7-орнында қалса, Юлия Путинцева 45-тен 51-нші сатыға сырғыды. Ерлер арасында Александр Бублик жекелей сында 55-орнын сақтаса, Тимофей Скатов 124-тен 122-ге көтерілді. Бұдан бөлек, қазақстандық теннисшілер ертеңнен бастап «Мадрид мастерс» турнирінде бақ сынайды. Өткен жылы бұл сында Рыбакина үшінші, Путинцева екінші айналымға дейін жеткен еді. Сондай-ақ Қазақстан теннис федерациясы Елена Рыбакинаның денсаулығы жақсы екенін хабарлады.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу