Мемлекет басшысы Брисбен турнирінде жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Брисбен турнирінде жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны құттықтады

08.01.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Брисбен турнирінде жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны құттықтады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты теннисші, Уимблдон турнирінің чемпионы Елена Рыбакинаны Австралияда өткен беделді жарыстағы сенімді жеңісімен құттықтап, жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді» деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында. Елена Рыбакина Австралиядағы WTA 500 сериясы турнирінің финалында Беларусь өкілі Арина Соболенконы жеңді. Бірінші сетте-ақ Елена қарсыласын 6:0 есебімен шаң қаптырып кетті. Екінші сетте де отандасымыз қарсыласын айқын басымдықпен жеңісті жұлып әкетті. 1 сағат 10 минутқа созылған матчта Елена Рыбакина 7 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Осылайша, ол 2024 жылдың алғашқы кубогын жеңіп алды. Теннисшілер бұған дейін 10 рет кездескен. Соның алтауында Соболенко басым түскен.

Хабарламаларға жазылу