Рыбакина - әлемнің үшінші ракеткасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рыбакина - әлемнің үшінші ракеткасы

08.06.2023
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина алдағы дүйсенбіде жаңартылатын әлемдік рейтингіде үздік үштікке енеді. Қазірдің өзінде Елена WTA Live рейтингісінде 3-орынға көтеріліп тұр. «Ролан Гаррос» турнирінің қорытындысы бойынша жерлесіміздің алдына әлемнің 7-ракеткасы, тунистік теннисші Онс Жабер шығуы мүмкін еді. Алайда ол ширек финалда әлемнің 14-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майяға жол берді. Осылайша, Елена Рыбакина Польша өкілі Ига Швентек пен Беларусь өкілі Арина Соболенкодан кейінгі үшінші сатыға көтерілмек. Ақпаратты Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі растады. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу