Елена Рыбакина әлемнің ең үздік теннисшілерінің бестігіне енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елена Рыбакина әлемнің ең үздік теннисшілерінің бестігіне енді

16.05.2023

Қазақстанның бірінші теннисшісі Елена Рыбакина рекордтық нәтижеге қол жеткізді. Оның әлемдік рейтингтегі орны жақсарды. Ол дүниежүзілік кестеде алтыншы сатыдан 5-інші сатыға көтерілді. Яғни жерлесіміз әлемнің ең үздік теннисшілерінің бестігіне енді.

Сондай-ақ Елена Рыбакина Италияда өтіп жатқан Рим мастерс турнирінің ширек финалына шықты. Ол төртінші айналымда Маркета ВондРОУшовамен шеберлік байқасып, екі сетте де қарсыласынан басым түсті. Матч бір сағат 14 минутқа созылды. Бәсеке барысында Рыбакина 4 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Жерлесіміз ертең жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салады. Қарсыласы әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек немесе хорватиялық Донна ВеКич болуы мүмкін.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу