Қазақстан Президенті Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа қатысты
Мемлекет басшысы Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа барды. Сондай-ақ Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты. Шараға бірқатар ТМД елдерінің басшылары да келген.
Мемлекет басшысы қазақстандық жауынгерлерге арналған мемориалдық кешенге арнайы барып, тағзым етті. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ржев қаласының маңында ірі шайқастар болған. Онда Қазақстанда жасақталған 100-ші және 101-ші дербес атқыштар бригадасы да ерлікпен шайқасты. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Трубино деревнясындағы бауырластар зиратына гүл шоғын қойды. Бұл жерде 2 мыңнан астам сарбаз жерленген. Олардың қатарында Президенттің ағасы – Қасым Болтаев та бар.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәскеуде Н.Тілендиевтің 100 жылдығына арналған концерт өтті
17.09.2025, 17:45

Мектептердегі кітапхана қорына 2 млн-нан аса кітап қосылды
17.09.2025, 17:39
Архив қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға өседі
17.09.2025, 17:36
Еліміздегі гидротехникалық нысандардың 40% тозған
17.09.2025, 17:33
ЖИ интеллектуалдық ойында да қолданылмақ
17.09.2025, 17:30
Қазақстанның цифрлық болашағы талқыланды
17.09.2025, 17:27
Ауыл шаруашылығы саласында цифрлық жүйе қолға алынды
17.09.2025, 17:24
Инвестициялық ахуал жақсарады
17.09.2025, 17:21