Елена Рыбакина әлемнің алтыншы ракеткасы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елена Рыбакина әлемнің алтыншы ракеткасы атанды

25.04.2023

Елена Рыбакина әлемнің алтыншы ракеткасы атанды. Әйелдер теннисі қауымдастығы жаңартылған рейтингін жариялады. Ал, бұған дейін дүниежүзілік рейтингте 4-нші сатыда тұрған Тунис өкілі Онс Жабер жарақатына байланысты Мадридте өтіп жатқан WTA 1000 турниріне қатысудан бас тартты. Ол осы турнирдің өткен жылғы чемпионы болғандықтан, биыл сол атағын қорғауға тиіс еді. Жарыс аяқталған соң оның еншісінен рейтингілік 1000 ұпайы алынады. Егер, Рыбакина Мадридте табысты өнер көрсетсе, әлемдік рейтингте бұдан да жоғарылауы мүмкін.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу