Елена Рыбакина алғаш рет Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елена Рыбакина алғаш рет Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына шықты

24.01.2023

Елена Рыбакина алғаш рет Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына шықты. Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы ширек финалда Елена Остапенкодан басым түсті. Қарсыластар осыған дейін екі мәрте кездесіп, екеуінде де Рыбакина жеңілген болатын. Бұл жолы отандасымыз басым түсті. Енді Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 3-ракеткасы, америкалық Джессика Пегула немесе Беларусь өкілі Виктория Азаренконың біреуімен кездеседі.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу