Е.Рыбакина жарысты аяқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Е.Рыбакина жарысты аяқтады

21.04.2023

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Германия өтіп жатқан WTA 500 турнирінің келесі кезеңіне шыға алмады. Ол турнирдің екінші айналымында әлемнің 14-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен шеберлік байқасты. Алғашқы сетте Рыбакина қарсыласына 1:6 есебімен жол берді. Ал екінші партияда қазақстандық теннисші жарақат алып, жарысты жалғастырудан бас тартты. Осылайша, Елена Рыбакина беделді турнирдің ширек финалынан тыс қалды.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу