Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігін 84%-ке дейін көтерді. Осы орайда Канада астанасы Оттава қаласында ірі халықаралық авиатасымалдаушылары қатысқан әуе көлігі симпозиумында Қазақстанның авиациялық әкімшілігі арнайы марапатқа ие болды. Еліміз азаматтық авиацияны басқарудың жаңа моделіне көшу арқылы халықаралық рейтингін жақсартқан. Яғни, отандық азаматтық авиацияның қауіпсіздік көрсеткіші орташа әлемдік деңгейден асып, еуропаның Нидерланды, Бельгия, Португалия, Чехия, Латвия , Дания секілді елдерімен қатар тұр. Айта кетейік, 2009 жылы осы ұйымның тексерісінен соң Қазақстан әуекомпаниялары қара тізімге ілігіп, Европаға ұша алмай қалған еді. Екі жыл бұрын жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты тағы да осындай қауіп төнген болатын.
Костас Латроу, халықаралық компанияның бас директоры:
Бұл марапат Қазақстанның Азаматтық авиация комитетінің соңғы 3-4 жыл ішінде азаматтық авиация басқармасының жаңа моделіне көшу бойынша жүргізіп жатқан жұмысының нәтижесі болды. Қабылданып жатқан шаралар елдегі ұшу қауіпсіздігін бақылау мен қадағалаудың тиімділігін арттыруға және Қазақстанның Азаматтық авиациясының халықаралық аренадағы имиджін жақсартуға мүмкіндік берді.