Сайлаудың алдын ала нәтижесі жарияланды
Сайлаушылардың 54% өз таңдауын жасады. Орталық сайлау комиссиясы алдын ала нәтижені жариялады.
Асима Нұрбайқызы, тілші:
6 млн 366 мың 441 адам. Кешегі Мәжіліс депутаттарының сайлауында бюллетень алғандардың саны осы. Бұл да нақты емес. Әзірге алдын ала қорытынды. Себебі биылғы сайлауда бір емес, бес бюллетень. Санаққа ұзақ уақыт кетіп жатқаны да содан. Согдықтан нақты саны қашан айтылатыны әзірге белгісіз.
Сонымен қазіргі ақпар бойынша: «Ақжол» - 8,41, «Аманат» - 53,90, «Ауыл» - 10,90, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы - 5,20, Байтақ 2,30, Қазақстан халық партиясы - 6,80, «Республика» - 8,59% дауыс жинады. Ал 248 мыңнан аса сайлаушы бәріне қарсымын бағанын белгілепті. Сонымен қатар, бір мандатты депутаттыққа түскен кандидаттар арасында ең көп дауыс жинағандар туралы да айтылды. Осылайша соңғы 19 жылда алғаш рет можаритарлы жүйемен, яғни өзін өзі ұсынғандар да төменгі палатадан орын алмақ. Яғни 8-шақырылымда 29 депутат бір мандат арқылы өтеді. Осыған дейінгі 7-шақырылымда мәжілісте 3 партияның депутаттары болса енді 6 партия өтуі мүмкін. Брифингте, сондай-ақ Бас прокуратура заңдылықтың сақталуы турады айтты. Заң талаптарын бұзған жекелеген фактілер анықталған. Дауыс беру күні ел аумағында 40 әкімшілік құқықбұзышылық анықталды. Учаскелік комиссиясының мүшелері де ережені елемей заңды бұзған. Бірақ сайлауға кері әсер ететіндей жалпы құқықбұзушылық тіркелген жоқ деді бас прокуратура өкілі Азамат Сарғазин.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Хорватияда Загреб бозкілеміне тартыс өтіп жатыр
16.09.2025, 10:31

«Онлайн медицина» пилоттық жобасы іске қосылды
16.09.2025, 10:24
Әкімдерге ескерту жасалды
16.09.2025, 10:20
Дохада төтенше Араб-Ислам саммиті өтті
16.09.2025, 10:18
Футбол командаларын жекешелендіру жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
16.09.2025, 10:15
Бокстан тарихи жеңіс сыйлаған қыздарымыз елге оралды
16.09.2025, 10:14
Астаналықтар Айбек Оралбай мен Санжар Тәшкенбайды күтіп алды
16.09.2025, 10:09
Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезі хатшылығының отырысы басталды
16.09.2025, 10:05