Сайлау үдерісі ашық өтіп жатыр
Сайлау процесі заңға сай, әрі ашық өтуде. Ең бастысы ешкімге ешқандай кедергі жасалып жатқан жоқ. «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының төрағасы Төлеген Құнәділов осылай деп мәлімдеді. Бұл қоғамдық ұйым осы жолғы Мәжіліс және Мәслихаттардың жаңа форматтағы сайлау науқанына тиянақты дайындықпен келген. Елдегі 9 мың 790 сайлау учаскесіндегі ахуалды назарда ұстауға 18 мың адамды байқаушылыққа үйреткен. Осы мақсатта 600-ден астам іс-шара, сабақ өткізілген. Байқаушыларамыздың баршасы заңға қайшы әрекетке жол бермейтін, қырағы қыз-жігіттер дейді.
Төлеген Құнәділов, «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы төрағасы:
Барлық өңірлерімізде ахуалдық орталықтар ашылған. Сол орталықтарға байқаушыларымыздан онлайн режимде ақпарат түсіп жатыр. Байқаушылардың дерегінше, дауыс беру процессі жақсы жүріп жатыр. Халық көп, көтеріңкі көңіл-күйде келіп жатыр деуде. Заңның да ашық және жария, әділ өтуіне кедергі болар заңбұзушылықтар тіркелген жоқ.
Нұрбек Бекбау
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨлім жазасы қылмыстың азаюына әсер ете ме?
19.10.2025, 20:01
Ішімдікті арнайы дүкенде ғана сату маскүнемдікті азайта ала ма?
19.10.2025, 20:00
Қызылорда қаласының астана болғанына - 100 жыл
19.10.2025, 20:00
АҚШ-та миллиондаған адам жаппай наразылыққа шықты
19.10.2025, 19:58
Парламенттік реформа: Не өзгереді?
19.10.2025, 19:55
Ипотека: Қандай өзгеріс болады?
19.10.2025, 19:53
Экономикаға түзету енгізіледі: Үкімет қандай шаралар қабылдауды ұсынды?
19.10.2025, 19:49
Астанада «Қазақстан Барысы – 2025» республикалық турнирі өтіп жатыр
18.10.2025, 17:16