Қазақстандық альпинистер Тянь-Шань тауындағы биіктігі 5250 метр болатын Верный шыңын бағындырды. Осылайша, альпинизм спорты бойынша әлем чемпионы атанды. Атлеттердің аса қауіпті құзға өрмелеуі жөнінде деректі фильм түсіріліп, оның көрсетілімі өтті. Кинокартинаны тамашалауға «Эверест» шыңын бағындырған алғашқы қазақстандық альпинист Қазбек Уәлиев қатысты. Ол студенттік альпинизмнің бүгіні мен болашағы жөнінде әңгімеледі. Айта кетейік, «Верный» шыңына соңғы отыз жылда адамзат баласының аяғы тимеген. Өйткені, онда тау бедері біркелкі емес. Қауіптілігі жоғары, дейді мамандар.
Гүлзира Атабаева, ҚР Альпинизм және спорттық тауға өрмелеу федерациясының жобалық кеңсе жетекшісі:
Бүгінде Қазақстанда альпинизм спортының деңгейі біршама көтерілді. Мәселен, елдегі жетекші Жоғары оқу орнының бірінде альпинизм бойынша секция ашылды. Жалпы Алматы таулы аймақ болғасын, тәжірибесіз, дайындықсыз өз бетімен тауға шығатындар көп. Кейін қайғылы жағдайларға тап болып жатады. Бұл мәселеге көбірек көңіл бөлу керек.
Фариза Мұсақызы