Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы үміткерлер тізімін бекітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы үміткерлер тізімін бекітті

02.02.2023

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Парламент Мәжілісі сайлауына түсетін үміткерлерді жариялады. Олар науқанға партиялық тізім бойынша 19 адамды ұсынбақшы. Бұл туралы саяси ұйымның кезектен тыс өткен жиырмасыншы съезінде айтылды.

Орталық сайлау комиссиясының талабына сай, депутаттыққа ұсынылғандар арасында әйелдер, жастар және мүмкіндігі шектеулі жандар квотасы сақталды,-дейді партия төрағасы Асхат Рахымжанов. Сонымен бірге, бір мандатты аймақтық округтер бойынша, әзірге 6 кандидатты ұсыну қарастырылған.

Асхат Рахымжанов, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы:

Біздің кандидаттардың бәрі Қазақстан заңнамасындағы талаптарға толық сәйкес келеді. Партиялық тізім де жақында ғана қабылданған квота талабына сай жасақталды. Сондай-ақ, мажоритарлық жүйе бойынша 6 адам ұсынылады. Ол кандидаттар өз өңірінде танымал болғандықтан, үміт артып отырмыз. Бұл съездің маңызы зор. Қазақстанда маңызды өзгерістер болып жатыр. Халық үшін маңызды кезеңде елдегі жалғыз оппозициялық партия ретінде біз де тыс қалмауды ұйғардық. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу