«Amanat» партиясы «Құқықтық көмек» жобасын іске қосты
Бүгін «Amanat» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Атырау облысының жұртшылығымен кездесті. Онда өңірлік филиал жанындағы кеңес беру орталығының қызметімен танысып, «Құқықтық көмек» партиялық жобасының іске қосылғанын жеткізді. Ол Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстанды құру жолында адам құқықтары мәселесіне мән беріп отырғанын атап өтті. Мәселен, Конституциялық Сот құрылып, Бас прокуратура мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл конституциялық мәртебеге ие болды. Халық арасында құқықтық мәселелер өте өзекті. Соған байланысты, өңірде тұрғындардың құқығын қорғайтын «Құқықтық көмек» жаңа партиялық жобасы пилоттық режимде іске қосылды.
Ерлан Қошанов , «Amanat» партиясының Төрағасы:
«Amanat» партиясы «Құқықтық көмек» жобасын бүгін қолға алдық. Бірақ шалғайдағы ауыл тұрғындарының бәрі бірдей мұндай кәсіби көмекке қол жеткізе алмайтыны да шындық. Сондықтан осы жоба аясында партиямыздың заңгерлері ауыл-ауылды аралап, халыққа арнайы құқықтық көмек көрсететін болады.
Серік Селеубай
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨлім жазасы қылмыстың азаюына әсер ете ме?
19.10.2025, 20:01
Ішімдікті арнайы дүкенде ғана сату маскүнемдікті азайта ала ма?
19.10.2025, 20:00
Қызылорда қаласының астана болғанына - 100 жыл
19.10.2025, 20:00
АҚШ-та миллиондаған адам жаппай наразылыққа шықты
19.10.2025, 19:58
Парламенттік реформа: Не өзгереді?
19.10.2025, 19:55
Ипотека: Қандай өзгеріс болады?
19.10.2025, 19:53
Экономикаға түзету енгізіледі: Үкімет қандай шаралар қабылдауды ұсынды?
19.10.2025, 19:49
Астанада «Қазақстан Барысы – 2025» республикалық турнирі өтіп жатыр
18.10.2025, 17:16