Елде короновирусқа шалдыққандардың саны артты
Елімізде соңғы бір айда короновирусқа шалдыққандардың саны артты. Қараша айымен салыстырғанда ковид жұқтырғандар 2,4 пайызға өскен. Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетованың хабарлауынша, қысқы маусым басталғалы орташа есеппен тәулігіне 300-ге жуық адамнан ауру белгілері анықталып жатыр.
Қазір эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, еліміздің барлық өңірі жасыл аймақта. Алайда ауру жұқтыру деректері 13 облыста өсіп келеді. Мамандар мереке күндерінің қарсаңында көпшілік орындарда сақтық шараларын сақтауды ескертеді.
Айжан Есмағамбетова, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:
Қазіргі уақытта вирустық инфекциялық тұмау ауруларының маусымдық өсімі байқалады. ДДҰ Еуропалық өңірінінң мәліметтері бойынша ковид пандемиясы маусымдық деңгейлерге қарағанда барлық өңірлерде тұмау белсенділігі ерте өтуде. Елдерде вирустардың аралас тарауы байқалады. Әлемнің 125 елінде тұмаудың 100 мыңға жуық жағдайы зертханамен расталды.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Заңсыз ақша шығару ісімен айналысқандар жауапқа тартылады
15.09.2025, 20:48

Биыл 140 мың оқушы «Келешек мектептерінде» білім алып жатыр
15.09.2025, 20:03
Жамбыл облысында оқушы қатарластарының қолынан қаза болды
15.09.2025, 19:55
Елордада Жолдаудың негізгі тұстары сараланды
15.09.2025, 19:52
Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жоспар қабылданды
15.09.2025, 19:50
Алдағы 3 жылда мың мектепте тіс емдеу кабинеті ашылады
15.09.2025, 19:46
Бүгіннен бастап 25 мың жұмыскердің жұмыс кестесі өзгерді
15.09.2025, 19:45
Елімізде коммуналдық желілер жаңғыртылмақ
15.09.2025, 19:42