Жапонияда қар көшкінінен 13 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда қар көшкінінен 13 адам қаза тапты

24.12.2022

Жапонияда да табиғат тосын мінез танытып жатыр. Елдің солтүстігінде, шығысы мен батысында қар борап, көлік қатынасы тежелген. Желтоқсанның 17-де басталған қар көшкінінен қаза тапқандар саны 13 адамға жетіп, 80-нен астам тұрғын жараланған. Мұны «Эн-эйч-кей» телекомпаниясы хабарлады. Оның дерегінше, Нигита префектурасында 6300-дей үй жарықсыз қалған. Ірі автомагистральдар жабылып, пойыздар тоқтады. Ал орталықтағы Нагоя қаласына 2014 жылдан бері алғаш рет қалыңдығы 10 сантиметр қар түсті.

Синоптиктер болса, халықты абай болуға шақырып, аса қажет болмаса, жолға шықпауды ескертіп отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу