Тәжікстанда қар көшкінінен 7 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәжікстанда қар көшкінінен 7 адам қаза тапты

30.01.2017
Олардың бесеуінің денесі Душанбе-Худжанд автотрассасы бойындағы тереңдігі 150 метр сайға құлаған көліктен табылды. Ал, Таулы Бадахшанда табиғи апаттан екі адам қайтыс болды.

Жалпы алғанда, ел астанасы мен теріскейдегі Соғды облысын жалғастыратын жолға бір сәтте таудан 40 рет қар құлаған. Соның салдарынан 200-ден астам машина көміліп, олардан 800-ге жуық адам құтқарылды.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу