Тәжікстанда қар көшкінінен 10 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәжікстанда қар көшкінінен 10 адам қаза тапты

16.02.2023

Тәжікстанның Хорог қаласында қар көшкінінен 10 адам қаза тапты. Олардың екеуі – бала. Табиғи апаттан 22 тұрғын үйге зақым келіп, төртеуі жермен-жексен болған. Қазір Хорогта электр жарығы жоқ. Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, қар көшкіні қаупі әлі екі-үш күн бойы сақталады. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.  

Хабарламаларға жазылу