Пәкістанда қар көшкінінен 57 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанда қар көшкінінен 57 адам қаза тапты

14.01.2020

Пәкістанда 57 адам табиғи апаттардың құрбаны болды. Елге қарасты Кашмирде қалың қар жауып, көшкін жүрсе, солтүстік-шығыс провинциялар нөсер жауын мен тасқыннан зардап шегіп отыр.

Бораннан тағы бірнеше адам із-түссіз жоғалған. Қазір олар іздестіріліп жатыр. Ал, оңтүстік-батыстағы Белуджистан провинциясында қарды көтере алмаған бірнеше үйдің төбесі опырылып, 17 адам мерт болды.

Жолдар жабылып, құтқарушылар кейбір елді мекендерге жете алмай отыр. Сондықтан, тұрғындарды эвакуациялауға тікұшақтар жіберілді.

Тағы бір айта кететін жайт, ауа-райының қолайсыздығына байланысты Пәкістанда төтенше жағдай жарияланып отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу