Алматыда қар көшкіні кезінде бір адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қар көшкіні кезінде бір адам қаза тапты

10.03.2022

Шымбұлаққа шаңғы тебуге барған бір адам қар көшкіні кезінде қаза тапты. 1975 жылы туған азаматтың абайсызда қайтыс болғаны туралы тау шаңғысы курортының өкілдері хабарлады. Айтуларынша, шаңғышы қар көшкінінен қашып, рұқсат етілмеген жерге шығып кеткен. Салдарынан көшкінді тоқтататын темір қоршауға соғылып, қардың астында қалып қойған. Бас жарақатын алған ол оқиға орнында қайтыс болды. Айта кетейін, «Қазгидромет» Алматыдағы ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады. Кіші және Үлкен Алматы су аумақтарында қар көшкіні жүруі мүмкін. Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтарына бүгін, ертең тауға шықпауға кеңес береді.

Хабарламаларға жазылу