Екібастұзда білім беру нысандарына жылу берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұзда білім беру нысандарына жылу берілді

19.12.2022

Бүгіннен бастап Екібастұз қаласындағы мектептер мен балабақшалар қалыпты жұмыс режиміне көшті. Апат салдарынан оқушылар үш апта бойы қашықтан оқыған еді. Ал, мектепке дейінгі мекемелер жұмысын мүлдем тоқтатуға мәжбүр болды. Қазір номері 1-ші және 24-ші мектепте жылу желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл білім мекемелерінде жылу ғана емес, су және кәріз жүйесі де қатып қалған. Жылуға қосылғанымен ғимарат іші әлі салқын. Температура қалыпты шегіне жетуі үшін әлі 2-3 күн қажет-деді шаһар әкімі. Естеріңізге сала кетейік, қарашаның 27-і күні Екібастұз қаласын жылумен қамту желісінің бірнеше аумағында ақау шығып, ондаған көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандар жылудан ажыратылған еді. Жөндеу жұмыстары әлі жалғасып жаты . Кейбір үйлердегі пәтерлер әлі де салқын.


Хабарламаларға жазылу