Ресейдің Курск қаласындағы аэродром дронның шабуылына ұшырады
Ресейдің Курск қаласындағы аэродром дронның шабуылына ұшырап, мұнай қоймасы өртене бастады. Өткен тәулікте Саратов, Рязань облыстарында екі әуе базасына ұшқышсыз аппараттар соққы берген еді. 3 адам мерт болып, бомбалаушы ұшақтар зақымданған. Ресей қазан айынан бері Украинаның энергетикалық нысандарын қиратып жатыр. Дегенмен, Киев бұл жарылыстарға қатысы барын айтқан жоқ. Кейбір болжамдарға қарағанда, Украина мың шақырымға жететін дрон жасаса керек. Ал, «Гардиан» басылымының хабарлауынша, бұндай құрал келешекте Ресейдің Украинаға еш кедергісіз қанатты зымыран жаудыру мүмкіндігіне қауіп төндіруі мүмкін.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨлім жазасы қылмыстың азаюына әсер ете ме?
19.10.2025, 20:01
Ішімдікті арнайы дүкенде ғана сату маскүнемдікті азайта ала ма?
19.10.2025, 20:00
Қызылорда қаласының астана болғанына - 100 жыл
19.10.2025, 20:00
АҚШ-та миллиондаған адам жаппай наразылыққа шықты
19.10.2025, 19:58
Парламенттік реформа: Не өзгереді?
19.10.2025, 19:55
Ипотека: Қандай өзгеріс болады?
19.10.2025, 19:53
Экономикаға түзету енгізіледі: Үкімет қандай шаралар қабылдауды ұсынды?
19.10.2025, 19:49
Астанада «Қазақстан Барысы – 2025» республикалық турнирі өтіп жатыр
18.10.2025, 17:16