Петропавлда әлеуметтік нысандар мен көпқабатты үйлер сусыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда әлеуметтік нысандар мен көпқабатты үйлер сусыз қалды

02.12.2022

Петропавлда құбыр жарылып, 15 көпқабатты үй мен бірнеше әлеуметтік және коммерциялық нысандар сусыз қалды.

Апат Мағжан Жұмабаев пен Сәбит Мұқанов көшелерінің қиылысында кеше кешкісін болды. Дәл қазіргі сәтте 600-ден астам абонент пен қаладағы ең ірі наубайхана, оңалту орталығы мен бірнеше кеңсе сусыз отыр. Мамандардың айтуынша, екі құбыр жалғанған жер сөгіліп кеткен. Коммуналдық қызмет өкілдері түні бойы жөндеу жұмыстарын жүргізді. Бірнеше үйдің ауласын су басып қалды. Облыс орталығында өткен айда ғана құбыр жарылып, ірі апат болған еді. Қаладағы су құбырларының 70 пайызға жуығы тозған.

Ербол Нәбиев, «Қызылжар су» ЖШС бас инженерінің орынбасары:

Жөндеу жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр. Апаттың себебі анықталуда. Шығын көлемі әзірге белгісіз. Былтыр ғана ұзындығы 400 метрге жуық су трассасы ауыстырылған болатын. Кепілдік мерзімі аяқталған жоқ. Сондықтын біздің және тұрғындардардың шығынын мердігер компания өтейтін болады.


Хабарламаларға жазылу