Тексеру күшейеді: Тиісті заң Мәжілісте талқыланып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тексеру күшейеді: Тиісті заң Мәжілісте талқыланып жатыр

30.11.2022

Энергетика министрлігінің жылу жүйелерін тексеруге құзыреті жоқ. Францияда жұмыс сапары кезінде министр Болат Ақшолақов бұл олқылықтың орнын толтыру үшін тиісті заң Парламентте талқыланып жатқанын жеткізді. Құжат қабылданып жатса, ведомства энергетикалық нысандар мен жылу жүйелерін бақылауға алып, Екібастұздағы секілді апаттың алдын алуға тырыспақ.

Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрі:
Мысалы біздің Энергобақылау комитетінің кез келген станцияны кез келген уақытта тексеруге құзыреті жоқ, сондықтан сол мәселені қайта қарап жатырмыз, ол заң Мәжілісте талқыланып жатыр. Жақын арада шығады деп сенеміз. Одан кейін бұрынғыдай барып тексеріп, осындай жұмыстарды жүргізетін боламыз. Қазір мынандай жағдай туындады, бірақ осындай жағдайларды болашақта болдырмау үшін алдын ала шешу керек. Шешу дегеніміз жаңа станциялар, жаңа құбырлар салу керек, осының барлығы бір-бірімен байланысты болып отыр.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу