Беларусь елінде Қазақстанның мәдениет күндері басталды
Беларусь елінде Қазақстанның мәдениет күндері басталды. Шара екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Осы шара аясында Минскіде қазақ киносының күндері өтіп жатыр. Онда жиналған талғампаз көрермен қазақ халқының бай мәдениеті мен тарихын насихаттайтын отандық туындыларды тамашалады. Қала тұрғындары мен қонақтар Қазақстан жайлы тың деректермен танысты. Жалпы екі елдің ынтымақтастығын одан сайын арттырып, мәдениет саласындағы байланысты жаңа деңгейге көтеру жоспарланып отыр.
Нұрқиса Дәуешов, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Минск қаласындағы музыкалық академиясы арасында мәдени саладағы оқу бағдарламаларымен сабақтастығымызды пысықтайтын боламыз. Қазақстанның Жұбанов атындағы оқу орнының концерттері, мастер-класстары жоспарланған.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨлім жазасы қылмыстың азаюына әсер ете ме?
19.10.2025, 20:01
Ішімдікті арнайы дүкенде ғана сату маскүнемдікті азайта ала ма?
19.10.2025, 20:00
Қызылорда қаласының астана болғанына - 100 жыл
19.10.2025, 20:00
АҚШ-та миллиондаған адам жаппай наразылыққа шықты
19.10.2025, 19:58
Парламенттік реформа: Не өзгереді?
19.10.2025, 19:55
Ипотека: Қандай өзгеріс болады?
19.10.2025, 19:53
Экономикаға түзету енгізіледі: Үкімет қандай шаралар қабылдауды ұсынды?
19.10.2025, 19:49
Астанада «Қазақстан Барысы – 2025» республикалық турнирі өтіп жатыр
18.10.2025, 17:16