Президент сайлауында қазақстандық БАҚ кандидаттар туралы ақпарат тарату кезінде теңдік қағидатын ұстанды. Бұл туралы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі миссиясының мәлімдемесінде жазылған. Байқаушылар 578 БАҚ-қа мониторинг жүргізген. Олар «сайлауды өткізуге құзырлы органдар БАҚ-та ақпаратты кеңінен таратты. Орталық сайлау комиссиясы заңнамада белгіленген мерзімге сәйкес, сайлауға дайындықты тиімді жүзеге асырды» деп санайды. Миссия өкілдері Орталық сайлау комиссиясы тікелей эфирде ашық отырыс өткізіп, қабылданған шешімді сол күні жариялағанын да жазған. «Шешімдердің қабылданған күні онлайн жарияланып отырғаны оң бағасын алды», - делінген Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі миссиясының мәлімдемесінде.