Футболдан Әлем чемпионатына санаулы күндер қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Әлем чемпионатына санаулы күндер қалды

16.11.2022

Қатардағы футболдан Әлем чемпионатының басталуына санаулы күн қалды. Дүниежүзілік доп додасы осы жексенбіде басталып, желтоқсанның 18-не дейін жалғасады.

Алғашқы матч Әл-Хаур қаласындағы Әл-Байт алаңында Қатар және Эквадор құрама командаларының ойынымен басталады. Жалпы осы чемпионатты тамашалауға 1 млн 200 мыңдай жанкүйер бармақ.

Еске салайық, алдағы байрақты бәсекені «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ qazaqstan.tv, qazsporttv.kz ресми сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн тамашалай аласыздар.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу